Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде Ұлттық мереке 25 қазан - «Республика күніне» орай «ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН!» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік шарада мектеп директоры Байгисиева Айжан Әділханқызы құттықтау сөз сөйлеп, айтулы мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Мерекелік шарада өнерлі мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашып би билеп, әдеби монтаж айтылып, патриоттық әндерден шырқады.
Сонымен бірге тақырыпқа сай тәрбие сағаттары өтіліп, мектеп кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан ұлттық мереке «Республика күні» құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел бірлігі мен тұтастығы сақталып, бай-қуатты бола берейік!