Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде Ұлттық мереке 25 қазан - «Республика күніне» орай «ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН!» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында «Қыз Жібек қыздар клубы» жылдық жоспарына сәйкес әр сыныптың тізімі жасақталып , жалпы 7-11 сынып қыздарына ҚызЖібек клубының ережелері таныстырылды.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде Дін саласындағы ақпараттық ағарту жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында “Діни жат ағымдардың ықпалынан сақ болайық” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қауіпсіздіктің алдын алу және салдарын азайту», "Діни экстремизм және терроризм" тақырыбынада бейнеролик көрсетіліп, профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 2 қыркүйек күні 1-11 сынып білім алушылары арасында "Менің Отаным - Қазақстан!" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 2024-2025 оқу жылы, 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай “Мектебім мейірім-мекені!” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің білім алушылары Білім басқармасының 2024 жылдың 29 ақпандағы N3-05-5/1489-И хатына сәйкес. "Тоғыз айға - 9 іс-шара" жобасы аясында еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбыра ойнауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджіне белсене қатысуда.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің жас мамандары ауылымыздың Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне орай орнатылған “1941-1945” монументі ауласына түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің білім алушылары мен ұстаздары 19 наурыз-жаңару күні мерекесіне орай мектеп ауласына түрлі жеміс ағаштарын отырғызды.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің МАД 0 “Ә” сынып білім алушыларымен 22 наурыз мерекесі аясында “22 наурыз Ұлыстың ұлы күні!” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің білім алушылары ата-бабамыздың дәстүрі мен тарихы арқылы ұлттық, киімді дәріптеу, ұлттық, брендті нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Этно-fashion» ұлттық киімдер флешмобына белсене қатысты.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні меркесіне орай “Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…” тақырыбында мектеп ұжымының нәзік жанды аруларына арналған мерекелік кеш өтті. Кеш барысында мектеп директоры Байгисиева Айжан Әділханқызына және мектебіміздің ер азаматтарына құттықтау сөз беріліп, өз жылы лебіз, ізгі-тілектерін білдірді.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 9 - Ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Ғасырдың ғаламат ақыны" атты әдеби танымдық кеш өтті. Әдеби кештің бірінші бөлімінде қазақ өлеңінің мұзбалақ ақыны ақиық ақынның өлеңдері оқылып көгілдір экраннан ақынның өлеңдерінен үзінділер көрсетіліп, ақын шығармашылығы жайында тың деректер мен естеліктерден үзінділер көрсетіліп, екінші бөлімі мәнерлеп оқу байқауымен жалғасты.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұртлеуов Заур Бекбосынұлының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы соның ішінде педқызметкерлер, кіші қызметкерлер және білім алушыларды Жер сілкінісі болған жағдайға және апаттық жағдайларға дайын болу мақсатында сейсможаттығу өткізілді.
Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абайханова М.С және педагог-психолог Жапекова А.Т қатысуымен 8-11 сыныптың қыздарымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында қыздар жиналысы болды. "Әдемі киім жақсы көңіл күйдің кепілі"және "Зорлық зомбылықтың алдын алу", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында әңгімелесу сағаты, түсіндірме жұмысы жүргізілді.