Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 29 тамыз күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” түсіндіру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абайханова М.С 1-11 сынып білім алушыларының сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында 2024-2025 оқу жылына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”, “Тәрбие үштағаны”, “Тәрбиенің 6 құндылығы”, “Әлеуметтік жобалар” “Алдын алу шаралары” және жаңа оқу жылындағы атаулы күндер туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, білім алушылардың біріңғай мектеп формасы туралы айтты.